Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
10.6 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚЖамбыл ауылдық округінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті

Жамбыл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша өткен сенбі күні Жамбыл ауылдық округінде сенбілік жұмыстары өтті.

Округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық шарасына 150-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында 12 тонна күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ауыл ішілік көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ