Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Аудан басшысы тұрғындардың мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берді

Аудан басшысы тұрғындардың мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берді

141

«Amanat» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қоғамдық қабылдау өткізді.

Жиынға партияның аудандық филиалының төрағасы Мұхтар Сәрсенов, тиісті сала басшылары қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындары әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасайтын қамқоршылардың жағдайы, оларға көрсетілетін қолдау тетіктері мен әлеуметтік мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, тұрғындар елді мекенде балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін жаңа футбол алаңшасын салу қажеттігін жеткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі Бақыт Асанов әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік қолдау мәселесіне қатысты заң аясында көрсетілетін көмектер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобаларға байланысты ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын айтып, футбол алаңшасын салу мәселесін қарастыру үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, олардың заң талаптарына сәйкес шешілу жолдары қарастырылатын болды.

Айта кетейік, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың көкейіндегі мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Аудан басшылығы алдағы уақытта да тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныс-пікірлеріне тұрақты түрде назар аударатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.