Skip to content
Басты бет / АЙМАҚ / Атакенттіктер аудан әкіміне сауалдарын қойды

Атакенттіктер аудан әкіміне сауалдарын қойды

21

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыру, елде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданның 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарған жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталып, олардың маңызын түсіндірді.

Аудан әкімі өз сөзінде еліміздегі соңғы саяси өзгерістерге тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы, «Заң мен тәртіп» қағидатының орнығуы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңарулар жергілікті атқарушы органдарға да үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

«Біздің негізгі міндетіміз – мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан саясатты аудан тұрғындарының игілігіне тиімді бағыттау. Заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет», – деді Бақыт Насырханұлы.

Кездесу барысында Атакент кентінің әлеуметтік мәселелері мен тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелер де кеңінен талқыланды. Аудан басшысы кенттегі бірқатар проблемаларға тоқталып, оларды шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Жиынның соңында тұрғындарға ашық микрофон ұсынылды. Кент тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, аудан әкіміне түрлі сауалдарын жолдады. Бақыт Асанов әрбір тұрғынның сұрағын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар берді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.