Баспанаңыз жоқ па? Әлде жер жаңалап, мекен ауыстырғыңыз келе ме?
Онда мына ақпарат сіз үшін
Түркістан облысында ағымдағы жылдың 12-14 наурыз аралығында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару жәрмеңкесі» өтеді.
Жәрмеңкеде солтүстік өңірлерінің ірі жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын ұсынады:
12 наурыз • сағат 10:00
Сарығаш ауданы | Сарыағаш қаласы | М.Шораұлы көшесі №44А
13 наурыз • сағат 10.00
Сайрам ауданы | Ақсукент ауылы | Рүстемов көшесі №27
14 наурыз • сағат 10.00
Түркістан қаласы | «Farab» кітапханасы
Қоныс аударушылар үшін 2024 жылы арнайы квоталар бөлінген. Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау өңірлеріне көшуге мүмкіндік бар.
Қоныс аударған азаматтарға мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіледі. Бір реттік қаржылай көмек беріледі.
Жәрмеңкеге қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!