Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Аппараттық мәжілісте әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер қаралды

Аппараттық мәжілісте әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер қаралды

56

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аппараттық мәжіліс өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және аумақтық мекеме басшылары қатысты.

Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бюджет қаражатының игерілуі, әлеуметтік қолдау шаралары және алдағы міндеттерге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Алдымен «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіндегі деректерді өзектендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. Бұл мәселе бойынша Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев баяндама жасады.

«Қазіргі таңда ауданда 28 934 отбасы, 124 110 адам тіркелген. А және В санаттарындағы өзектендіруге жататын 4 320 отбасы бойынша тексеру жұмыстары толық аяқталды. Зерделеу нәтижесінде 652 отбасының нақты әлеуметтік жағдайы жүйедегі мәліметтермен сәйкес келмейтіні анықталған. Негізгі сәйкессіздіктер Атакент кенті мен Жаңажол, Бірлік ауылдық округтерінде тіркелді. Сонымен қатар, жыл басынан бері Д және Е санаттарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар саны 580-ге азайып, 8 591-ді құрады» — деді, Н.Елшібаев.

Аудан басшысы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда нақтылық пен объективтілікті қамтамасыз етіп, жұмысты ашық әрі әділ жүргізуді тапсырды.

2026 жылдың 8 айындағы нақты және III тоқсанның болжамды қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет қаражатының игерілуі туралы мәселе де жиында қаралды. Баяндама жасаған Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Абенов аудан бюджетінің орындалу барысы мен қаражаттың игерілу көрсеткіштерін сараптап берді. Сонымен қатар, ол 8 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің нақты орындалуы және III тоқсанның болжамды орындалуы туралы да баяндады.

«8 айда ауыл шаруашылығында 40,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар артығымен орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,8 млрд теңгеге жетіп, жоспарланған 22,5 млрд теңгеден асты. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі II тоқсанда 35,5 млрд теңгені құрады» — деді, Ш.Абенов.

Мәжіліс барысында күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу барысы да талқыланды. Бұл мәселе бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Рысбек Нұрдәулет баяндама жасады. Сондай-ақ, жаңадан табиғи газ желісіне қосылған Достық, Ж.Нұрлыбаев, Жаңажол және Еңбекші ауылдық округтерінің елді мекендеріндегі тұрғын үйлерді газ желісіне қосу жұмыстарының барысы және күзгі ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары да пысықталды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.