Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтаарал ауданы Атакент кентінің әкімі сайланды

Мақтаарал ауданы Атакент кентінің әкімі сайланды

245

2026 жылғы 20 қыркүйекте өткен сайлаудың нәтижесінде Мақтаарал ауданы Атакент кентінің әкімі болып Тұрымбетов Ерлан Әбдібақыұлы сайланды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов жаңа әкімді Атакент кенті әкімі аппаратының ұжымы мен кент активіне таныстырды.

Аудан әкімінің орынбасары Бижан Шералыұлы халқының саны көп және аудандағы ең үлкен кенттің дамуы үшін тынымсыз еңбек етіп, тұрғындардың сапалы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру керектігін атап өтті.

Е.Тұрымбетов 1982 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Мирас университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Дүлділ» шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 2004 жылы Бірлік селолық округі әкімшілігінде маман-әскери есеп стол бастығы, кейін іс қағаздары бойынша бас маман болып еңбек етті.

2013 жылы Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып тағайындалып, сол жылы аудан әкімінің көмекшісі болып еңбек жолын жалғастырды.

2015 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымында белсенді жұмыс жасады.

2018 жылдан бастап қазірге дейін жаңадан құрылған Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.