Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
23.1 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМақтааралдың соты қарабет емес екен!

Мақтааралдың соты қарабет емес екен!

Бүгін азанда Мақатааралдан қуанышты хабар келді!

Осыдан екі күн бұрын, сол ауданның мәслихатының депуттатығына өзін өзі ұсынған Адеханов Еркінбек деген үміткер жігіт бізге ат терлетіп келіп, жергілікті биліктегілері мен сайлау комиссиясындағылары жең ұшынан жалғасып, өзінің сайлауға түсу құқын шектеп жатқанын айтқан.

Адеханов Еркінбектің уәждерін зейін қойып тыңдап, ұсынған құжаттарын мұқият қарап, оның нағыз «елім» деген ер екеніне көзіміз жетіп, қолымыздан келгенінше жәрдем беруге бел будық.

Сөйтіп, шұғыл түрде «Мақтааралдықтар, қарабет боп қалмаңдар» атты анонс пост жарияладық.

Сілтемесі міне:

https://www.facebook.com/amankeldy1965/posts/pfbid0E2qWzk1rE3qWfUPrZw4qPmv8YNEQnnpUtt3qKsJwAMcwkdkNqBNgfXGaTSatBXUAl

Егер, Мақатаарал аудандық соты әділ шешім шығарып, Адеханов Еркінбектің кандидаттығы қалпына келсе, біздің «Сарыағаш-Әділет» қоғамдық бірлестігінен сайлаудың жілігін шағып, майын ішкен жігіттерді сайлау күні байқаушы ғып жіберуге сөз бердік.

Бүгін азанда Мақтаарал аудандық соты Адеханов Еркінбекті кандидаттықтан алып тастаған №7 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 наурызда шығарған сорақы шешімінің күшін жойып, әділ сот шешімін шығарыпты!

Бәрекелді!

Шыны керек, еліміз егемендік алғалы бергі елбастының билігі жүріп тұрған 30 жылда талай сайқымазақ сайлаудың куәсі болдық қой.

Сол сайқымазақ сайлауларда құқы тапталғандардың әділдік іздеп шырылдап соттарға қалай жүгінгенін, алайда ол жерде де көзіңді бақырайтып қойып, әділетсіз шешім шығарған қарабеттіктен таулары қалай шағылғанын да көрдік.

Сондықтан бұл дауды қарап әділ сот шешімін шығарған мақтааралдық судьяға, кім болса ол болсын, әділдігі үшін алла разы болсын!

Ал енді Адеханов Еркінбек бауырымызды қайта кандидат болғанымен құттықтап, сайлаудағы сайыста оған сәттілік тілейміз!

Алға Еркінбек, бас!

(с) Амангельды Батырбеков,

«С-Информ» газетінің бас редакторы, Сарыағаш ауданы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ