Атмосфералық ауаны ластайтын барлық заттар адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді. Бұл заттар адам ағзасына негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді және жоғарғы тыныс жолдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен әр түрлі аллергиялық аурулардың дамуына алып келеді.
Түркістан облысында атмосфералық ауаның жай-күйі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Облыста атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 69 нысан бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 28 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде 10-і I-II қауіптілік сыныбына жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумақта және автокөліктердің неғұрлым қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда барлығы 196 бақылау нүктесі белгіленген. Атмосфералық ауаның ластаушы көздерін анықтау мақсатында осы бақылау нүктелерінен ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ -193/2020 бұйрығымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары» шеңберінде тоқсан сайын атмосфералық ауа сынамалары зерттеледі.
2025 жылдың 3 айында 2144 сынама зерттеліп, 68 сынамадан (3,1%) сәйкессіздік анықталды (аммиак-24, қалқымалы заттар-24, көміртек диоксиді-1, көміртек оксиді-6, шаң-1, азот диоксиді-12). Оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумағынан санитариялық-химиялық көрсеткішке 1788 сынама зерттеліп, 3,7% -нан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болған.
Автомагистральдарда санитариялық-химиялық көрсеткішке 356 сынама зерттелді, 0,3% -нан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болған.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков