Skip to content
Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында 35 мың түп ағаш көшеті отырғызылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында 35 мың түп ағаш көшеті отырғызылды

80

2026 жылғы 21 қарашада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан аумағында көгалдандыру, жасыл желектерді күтіп-баптау және қоршаған ортаны абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру, елді мекендердің көркін көркейту және келешек ұрпақ үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыру.

Бекітілген жоспарға сәйкес, биылғы күз мезгілінде аудан аумағына 35 000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Осылайша, күзгі ағаш отырғызу науқаны жоспарға сай толық көлемде орындалды. Бұл – ауданның жасыл желек қорын молайтуға және табиғи ортаның тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, жаңадан егілген көшеттердің жерсінуін қамтамасыз ету және оларды малдың зақымдауынан қорғау мақсатында арнайы қоршау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ағаш көшеттері отырғызылған аумақтарда жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын қоршау орнатылды. Бұл өз кезегінде жас көшеттердің сақталуына, қалыпты өсіп-жетілуіне және көгалдандыру жұмыстарының нәтижесін ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Игі шараға аудан тұрғындары, мекеме және ұйым қызметкерлері мен жауапты сала мамандарынан жалпы 1 450 адам қатысып, жұмыстарды үйлестіру үшін 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында аудан аумағындағы жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қысқы маусымға дайындық және ағаштарды қорғау мақсатында 1 100 түп ағаштың діңі әктелді.

Жалпы, атқарылған жұмыстар аудан аумағын көгалдандырумен ғана шектелмей, егілген ағаш көшеттерінің сақталуы мен өсіп-жетілуіне жағдай жасауға бағытталған. Себебі, ағаш отырғызу – жұмыстың бір бөлігі болса, оны күтіп-баптау және қорғау – ортақ жауапкершілік.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑