Құрметті жүк көліктерінің жүргізушілері мен логистика саласының өкілдері!
Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» кедендік бекеті арқылы өтетін жүк көліктерінің саны бекеттің өткізу мүмкіндігінен асып кетуіне байланысты көлік кептелістері орын алуда. Қалыптасқан жағдай жүк көліктерінің қозғалысына кедергі келтіріп, жол бойында ұзын-сонар кезектердің пайда болуына себеп болуда.
Аталған мәселені реттеу, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік бекет алдындағы кептелістерді азайту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда:
— Кедендік бекеттен өтетін жүк көліктері үшін кезектілік тәртібі ұйымдастырылуда;
— Жүк көліктерін ретсіз шоғырландырмай, белгіленген тәртіппен орналастыру шаралары қолға алынуда;
— М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы автомобиль жолының тиісті учаскесі мен «Фут-сити» логистикалық кешенінің тұрақжайын жүк көліктерін уақытша орналастыру үшін пайдалану жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты барлық жүргізушілер мен тасымалдаушы компания өкілдерінен қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды, белгіленген кезектілік тәртібін сақтауды, жауапты мамандардың нұсқауларын орындауды және көлік қозғалысына кедергі келтірмеуді сұраймыз.
Қазіргі таңда мәселені кезең-кезеңімен ретке келтіріп, жүк көліктерінің кедендік бекеттен қауіпсіз әрі жүйелі өтуін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда.
Сіздердің түсіністіктеріңіз бен ортақ тәртіпті сақтауға қосқан үлестеріңіз мәселені жедел шешуге септігін тигізеді.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!



