Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
28.2 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TV«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты мерекелік іс шара өткізілді

«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты мерекелік іс шара өткізілді

Мақтаарал аграрлық колледжінде Алғыс айту күніне арналған

«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: Қазақстанда тату – тәтті өмір сүретін халықтардың әдет – ғұрпын, дәстүр – тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Іс шараға Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Сабиров Х., Қазақстан Ассамблеяның Мақтаарал филиалының төрағасы Курбанов М., корей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Ким Г., ішкі саясат бөлімінің басшысы Бабашев М., Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы, қоғамдық келісім КММ Мақтаарал аудандық филиалының директоры Айдарбеков М., маслихат аппараты бөлімінің басшысы Айдағараев Н. мырзалар қонаққа келді. Қонақтар оқушыларды құттықтап, ұжым мүшелерін алғыс хатпен марапаттады. Іс шара барысында оқушылар көрініс көрсетіп, өлең айтып, керемет көңіл күй сыйлайтын әнмен аяқтады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ