Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
19.5 C
Мырзакент
ҮйБілімМектеп ауласына көшет егу жұмыстары жүргізілді

Мектеп ауласына көшет егу жұмыстары жүргізілді

19-наурыз – Жаңару күніне сәйкес, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Наурызнама» іс-шараларының аясында «Жаңа көшеттер-жаңа идеялар-мемлекет дамуындағы жаңа кезең» тақырыбында мектеп басшысы Г.Жумабекованың және мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Н.Даутов, әжелер кеңесінің төрайымы К.Камбарбекованың бастамасымен мүшелері Лескул, Рая, Кунипа, Зәуре, Рита әжелеріміздің қатысуымен, 2-ші «ә» сынып оқушылары мен жетекшісінің, 9-сыныптың ата-аналарының қатысуымен мектеп ауласына көшет егу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ауыл әжелері оқушыларға ағаштың, талдың пайдасы жайлы өсиеттерін айтып, туған жерді жасыл желекке айналдыру үшін әрбір азамат атсалысу керектігін жеткізді. Қоршаған ортаны таза ұстап, әрбір дараққа күтім жасау керектігін, су беріп, әктеп тұру керектігін түсіндірді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ