Жұма, Қыркүйек 20, 2024
21.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Мектепке жол - шекарасыз жақсылық" науқандық акциясы өтті

Мақтааралда «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы өтті

Республикалық «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы Мақтаарал ауданында да өтті.

Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды.

Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету – акцияның негізгі мақсаты.

Жәрмеңкеге облысымыздың және ауданымызың кәсіпкерлері қатысып, оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдіктермен ұсынды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ