Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Мақтааралда ардагерлерге құрмет көрсетілді

220

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Мақтаарал ауданында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Аудан әкімдігі мен «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Гүлсара» мейрамханасында ауданның ардагерлері мен ақ жаулықты әжелеріне арнап ақ дастархан жайылды.

Жиынға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қатысып, барша ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Қазақ халқы ежелден «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп, үлкенге құрмет көрсетіп, ақсақалдың батасын, ақ жаулықты әженің өнегесін өмірлік бағдар еткен. Сіздер – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты жандарсыздар» – деді, аудан басшысы.

Іс-шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Қадір Сәрсекбаев, партия филиалының аудандық төрағасы Мұхтар Сәрсенов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаровтар сөз сөйлеп, ақсақалдар мен әжелерге жылы лебіздерін білдірді.

Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген бірқатар қариялар арнайы Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ардагерлерге деген құрмет мұнымен шектелмей, аудан әкімінің атынан жиынға қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Мерекелік басқосудың сәнін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары келтіріп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Айта кетейік, аға буынның өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттайтын мұндай тағылымды іс-шаралар аудандағы барша кенттер мен ауылдық округтерде жалғасуда.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑