Сенбі, Желтоқсан 21, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда қоғамдық бақылау жүргізілді

Мақтааралда қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылаулар жүргізу ұсынылған.

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілінің қатысуында «Мақтаарал аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді.

Бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, көрсетілетін қызметтердің қағида мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзшолымды орындарына орнату, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және тағы басқа осы саладағы мәселелер қаралды.

Айта кету қажет, аудан әкімдігі тарапынан алдағы кезеңде халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ