Бейсенбі, Қараша 21, 2024
13.6 C
Мырзакент
ҮйБілімМақтааралда 10 күндіктің ашылуы өтті

Мақтааралда 10 күндіктің ашылуы өтті

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14-24 қазан күндері аралығында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» жобасы аясында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті.

Онкүндікті Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі У.Исламова сөз алып, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Мемлекет басшысы нақты шаралар негізінде еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау және қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.

«Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы 2023-2025 жылдарға арналған шығармашылық және зерттеу жұмысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңын, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курсының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығын, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық қорытындылау емтиханын өткізу және емтихан тапсырмаларын құрастыру туралы» ережесін басшылыққа ала отырып әзірленетінін оқушыларға мемлекеттік тілді білу парыз екенін айтып, іс-шараны ашты. Мерекелік іс-шараның бірінші бөлімінде мектеп оқушыларының әдеби-сазды композициясымен ашылды. Екінші практикалық бөлімінде аралас мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуымен жалғасты. Атап айтсақ, «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру» тақырыбында М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Жанат, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аллабергенов Жақсылық, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исабекова Гулбаршын баяндама жасап іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара онкүндік болып жалғасын табуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ