Сенбі, Сәуір 27, 2024
19.7 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтаарал ауданы шаруа қожалықтарының назарына!

Мақтаарал ауданы шаруа қожалықтарының назарына!

Құрметті шаруа қожалық иелері мен диқандар!

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыстық ауыл шаруашылығы барқармасында өткізілген комиссия отырысында Мақтаарал ауданына жеңілдетілген бағамен 2486,7 тонна жанар-жағар май бөлініп, «ЖАНАРМАЙ 2» ЖШС, «GREENFUEL» ЖШС, «Жұмабек Абай Бейсенбекұлы» ЖК және «Оразалиев Б.К.» ЖК-лер таратушы оператор ретінде бекітілді.

«ЖАНАРМАЙ 2 (А.Қалыбеков а/о орналасқан)» ЖШС-не 885,8 тонна, «GREENFUEL (Мырзакентте орналасқан)» ЖШС-не 820,9 тонна, «Жұмабек Абай Бейсенбекұлы (Атакентте және Еңбекші а/о орналасқан)» ЖК-не 390 тонна, «Оразалиев Б.К. (Мырзакентте орналасқан)» ЖК-не 390 тонна жанар-жағармай бөлінген.

Бөлінген жанар-жағармай шаруа қожалықтарының егістік алқаптарына сәйкес бөлініп, «GosaАgro» электронды порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жеңілдетілген жанар-жағармайдың бағасы 249 теңге болып бекітілген.

Аталған таратушы операторлар бөлінген жанар-жағар ақпан, наурыз, сәуір және мамыр айларына тарату жұмыстарын жүргізеді.

Жеңілдетілген жанар-жағармайды «GosAgro» электронды порталына әр шаура қожалық жеке кілттермен (ЭЦП) порталға кіріп бекітілген операторларды таңдап егістік алқапқа бөлінген жанар-жағармайды ала аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлімқұл Баязитке +77018454704 және бөлімінің бас маманы Бердалиев Лутфуллаға +7777 472 2726 байланыс нөміріне хабарласуына болады.

Ескертпе: Жанар-жағармайды «GosAgro» электронды порталына өтінім тапсырған шаруа қожалықтар ала алатындығын хабарлаймыз.

(с) Мақтаарал ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ