Skip to content
Басты бет / СЭС / Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам ағзасында иммунитет қалыптастыру әдісі

Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам ағзасында иммунитет қалыптастыру әдісі

13

Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам ағзасында иммунитет қалыптастыру әдісі. Оның негізгі жолы – вакцинация. Вакциналар адам ағзасына ауру қоздырғыштарына қарсы қорғаныс қабілетін қалыптастырып, көптеген қауіпті инфекциялардың таралуын тоқтатуға көмектеседі.

Бүгінгі таңда иммунопрофилактика – қоғамдық денсаулық сақтаудың ең тиімді бағыттарының бірі. Соның арқасында шешек ауруы толық жойылып, полиомиелит, қызылша, көкжөтел, дифтерия сияқты көптеген инфекциялар сирек кездесетін болды. Вакцина тек бір адамды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғайды. Халық арасында вакцина алған адамдар саны көбейген сайын ұжымдық иммунитет қалыптасып, аурудың таралу қаупі төмендейді.

Иммунопрофилактиканың маңызы:

жұқпалы аурулардың алдын алады;

аурудың ауыр түрімен өту қаупін азайтады;

асқынулар мен өлім-жітімді төмендетеді;

эпидемиялардың таралуына жол бермейді;

балалардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы екпе алуын қамтамасыз етуі қажет.

Иммунопрофилактика – бұл болашақ ұрпақтың денсаулығына жасалған маңызды қадам. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған тиімді әрі қауіпсіз.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.