Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
10.7 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан Пушкин мектебінде болды

Аудан әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан Пушкин мектебінде болды

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудандық білім бөліміне қарасты күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беру мектебінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

1967 жылы 536 оқушы орындық санына арналып салынған мектепте қазіргі таңда 1-11 сыныптар аралығында екі ауысымда 838 оқушы білім алады. 57 жыл ішінде мектеп ғимаратына бірде бір кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан, биыл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында бұл мәселеге кезек күттірмей қаржы бөлініп, мердігер «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылысты сапалы әрі өз уақытында аяқтау өзекті болып отыр. Білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы жұмысты тездету үшін жұмысшылардың санын қосымша 80-100 адамға дейін көбейтіп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарына құрылыс саласында жүрген Мырзакент кентінің тұрғындарын жұмысқа тартуды талап етті.

Бақыт Асанов тиісті жұмыстар өз деңгейінде іске асырылмаған жағдайда, түзілген келісімшартқа сәйкес, сотқа облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына (ГАСК) хабар беріп, айыппұл салатындығын да мердігерге қатаң түрде ескертті.

Айта кетейік, А.Пушкин мектебінен бөлек ауданда Қ.Сәтпаев және М.Тұрсын-Заде жалпы білім беру мектептерінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бақыт Асановтың өкімімен аталған мектептердің құрылыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалау бойынша арнайы жұмысты топ та құрылған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ