Жексенбі, Қыркүйек 22, 2024
22.2 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Құрметті шаруа қожалық иелері мен диқандар!

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» бұйрығына сәйкес, дизель отыны АШТӨ үшін квоталарының көлемін қалыптастыру 2023 жылдан бастап, «gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылуда.

Қағида талаптарына сәйкес, 2024 жылғы күзгі егіс жұмыстарына дизель отынын алуға өтінім берген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «GREENFUEL» ЖШС мен ЖК «Әуезов» арқылы дизель отынын алуға өтінім қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.

Осыған орай, құрметті Мақтаарал ауданының шаруалары дизель отынын алуға ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) қолдана отырып, «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді тапсыруларыңызды сұраймыз.

Ескертпе: Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы дизель отынына өтінім берген шаруа қожалықтар ғана ала алатындығын хабарлаймыз. (Мақтаарал ауданына бекітілген операторлар «GREENFUEL» ЖШС, ЖК «Әуезов»,)

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Д.Аблатаевқа хабарласып білуге болатындығын хабарлаймын. Тел: 8702-958-74-71

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ