Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралдық мемлекеттік қызметші шахматтан облыстың чемпионы атанды

Мақтааралдық мемлекеттік қызметші шахматтан облыстың чемпионы атанды

146

23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды.

Зияткерлік спортты насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген жарысқа облыстың қала-аудандарынан келген мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Турнир 2026 жылғы 13 маусым күні Түркістан облысы Ордабасы ауданының Темірлан ауылында жоғары деңгейде өтті. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тактикалық шеберліктері мен кәсіби дайындықтарын көрсетті.

Аталған додада Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Исламов Сейітбек Тасқараұлы жоғары нәтиже көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді. Оның бұл жеңісі тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар ауданымыздың абыройын асқақтатқан маңызды жетістік болып табылады.

Шахмат турнирі мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби ортадағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, Иіржар ауылдық округі әкімі аппараты ұжымы әріптесі Сейітбек Тасқараұлын жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.