Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда бірлік марафоны өтті

Мақтааралда бірлік марафоны өтті

87

Мақтаарал ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында және 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» ұранымен бұқаралық жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

«БІРЛІК МАРАФОНЫ» атауымен өткен бұл спорттық шара аудан тұрғындарын бірлікке, татулыққа және салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.

Ауқымды марафонға 200-ден астам аудан тұрғыны қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар Мырзакент кентінің мөлтек ауданында орналасқан «Жеңіс» саябағынан бастап Чкалов және Қожанов көшелерінің бойымен орталық саябаққа дейінгі 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жарысқа әртүрлі жас санатындағы әуесқой спортшылар мен белсенді азаматтар қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, мәреге бірінші болып Болат Қуаныш келді. Екінші орынды Кенжаев Рузимбек иеленсе, үшінші орын Наби Мейрамбекке бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Марапаттау рәсімі орталық саябақта ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сәкен Жайлыбаев қатысты. Олар жарыс жеңімпаздарын арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Айта кетейік, «БІРЛІК МАРАФОНЫ» – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар аудан тұрғындарын ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды қоғамдық бастамаға айналып келеді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.