Skip to content
Басты бет / Азаматтық қорғаныс / Мақтааралда аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды

Мақтааралда аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды

115

2026 жылғы 29 сәуір күні Мақтаарал ауданы әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Б.Асановтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

Жиынға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аумақтық мекеме басшылары қатысты.

Ең алдымен аудан басшысы аудандық мансап орталығының директоры болып тағайындалған Досов Серік Жауынбайұлын аудан активіне таныстырды.

«1988 жылы Жетісай ауданында туылған С.Досов құқық мамандығы бойынша жоғары білім алып, бұрынғы халықты жұмыспен қамту орталығы және қазіргі мансап орталығында түрлі лауазымдарды еңбек еткен. Ендеше, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ауданда жұмыссыздықты азайту бойынша белсенді шараларды қолға алуды тапсырамын» — деді, Бақыт Насырханұлы.

Мәжіліс барысында аудан үшін өзекті бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы мәселе бойынша көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу барысы талқыланды. Бұл бағытта жауапты мекемелерге шақыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, белгіленген жоспардың орындалуын қамтамасыз ету және жастарды әскери қызметке дайындау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Екінші мәселе аясында жазғы шомылу маусымына дайындық жұмыстары қаралды. Атап айтқанда, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қозғалды. Жауапты сала басшыларына тиісті профилактикалық шараларды уақытылы ұйымдастыру тапсырылды.

Үшінші мәселе ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілердің қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуі және еңбек шарттарын тіркеу мәселесі қаралды. Бұл бағытта заң талаптарының сақталуын бақылауды күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2026 жылғы 25 сәуір күні аудан көлемінде өткізілген «Жасыл болашақ» акциясы шеңберіндегі сенбілік жұмыстарының нәтижелері қорытындыланды. Аталған шара барысында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғаны айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.