Понедельник, 14 апреля, 2025
18.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСТамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан уланудың алдын алу

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Сіздерге тағамнан уланудың, жіті ішек аурулары, ботулизм жағдайларының алдын алу мақсатында сақтық шараларды ұстануды ескертеді.

Тамақтан улану қаупі жоғары әсіресе, бұл қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орындары және базарларда, адам шоғыры көп жиналатын ашық алаңдарда тез дайындалатын өнімдер арасында жиі кездесіп жатады. Сондай-ақ, үй жағдайында сақтау уақыты мен мерзімі сапасыз консервіленген тағамдарда адам денсаулығына біршама зияндылығын туғызады.

Тамақтан улану мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраты көп тағам өнімдері, жабық консервілер, сақтау талаптары, жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды пайдаланудан болуы мүмкін. Мұндай уақытта іш ауырады, жүректің айнуы байқалады, құсу, іш өту, әлсіздік болады. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін пайда болуы мүмкін. Оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін байқалады.

Тамақтан уланудың алдын алуда негізгі ережелерін сақтауды ұсынады:

➢ Қәуіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз

➢ Ас үйді таза ұстаңыз.

➢ Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

➢ Термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын ағында суымен жуу;

➢ Қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққанконсервіленген банка өнімдерін тұтынбаңыз;

➢ Кремді кондитерлік өнімдерді, шұжық, ет, балық т.б. өнімдерді тек тоңазытқышта сақтаңыз;

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне мұқият қараған жөн.

Сақ болыңыз, өз денсаулығыңыз өз қолыңызда !

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ