Жұма, Қазан 18, 2024
18.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықРеферендум: Мақтааралда мақташылар дауыс берді

Референдум: Мақтааралда мақташылар дауыс берді

Мақтаарал ауданында биыл 33,7 мың гектар алқапқа мақта егілген. Тұрғындарының басым бөлігі мақта шаруашылығымен күн көретін өңірде қазіргі таңда мақта терім науқаны жаппай жүріп жатыр. Қазірдің өзінде аудан бойынша 11 мың гектар мақталық алқап теріліп, 30 мың тонна өнім жиналды.

Осындай қарбалас кезеңде мақтааралдық шаруалар мен мақташылар бүгінгі тарихи сәтке бейжай қарамай, АЭС салуға қатысты өз таңдауларын жасады. Қазіргі таңда мақта алқаптарында 2 мыңға жуық адам жұмыс істеуде.

Жалпы аудан бойынша 62 референдум учаскесі таңертеңнен бастап сайлаушылар үшін ашық тұр. Ауданда 69 940 референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген. Барлық учаскелік референдум комиссиялары интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси тасымалдау қызметімен, 4 әлеуметтік таксилерімен қамтамасыз етілген.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ