Четверг, 25 июля, 2024
25.4 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМырзакентте жаппай гүл егу жұмыстары басталды

Мырзакентте жаппай гүл егу жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары басталды.

«Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1000 дана георгина, 1500 дана гарцания, 1500 дана сальвия, 500 дана анютка және 500 дана раушан сияқты гүлдің бірнеше түрлерін егу үшін жерді қопсыту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында мұндай көгалдандыру жұмыстарын қолға алуда.

Қазіргі таңда С.Жаштаев көшесінің бойы мен кенттің орталық алаңында гүлдер егілуде. Ол гүлдің бірнеше түрлері Сарыағаш ауданынан әкелінген. Мұндай жұмыстар С.Қожанов көшесінде де жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, Атакент кентінде де гүл егу жұмыстары жоспарлануда.

«Мырзакент қызмет» МКК гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен де шұғылданады. Дегенмен, кент тұрғындары да өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жасаса – аудан орталығы ерекше құлпыратынын МКК директоры атап өтті.

«Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл — кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» — деді6 «Мырзакент қызмет» МКК-ның директоры Тимур Адамбек.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ