Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сондай-ақ, қадірменді тәртіп сақшылары!
23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні және ҚР-ның Полициясы күні.
Аудан басшысы ретінде қос кәсіби мерекенің иелерін шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметші – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату үшін еңбек етуі тиіс. Өйткені, әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға сүйреуші «мемлекеттік қызметшілер» екені сөзсіз. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – өте жауапты жұмыс.
Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.
Сонымен қатар, мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне де жүктелетін міндет зор.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды.
Сіздер Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдан астам уақыты ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келдіңіздер.
Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройды арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!
Жалпы қос бірдей кәсіби мереке қарсаңында Сіздер зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Абыройлы болыңыздар!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі м.у.а.
Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы