Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
10.7 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TV"Мал ұрлығы" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

«Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Мақтаарал ауданы аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу мақсатында 2024 жылдың қараша айының 18-20 күндері аралығында өткізіліп жатқан «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері және учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың ірі қара малдарын, ұсақ малдарын толық сырғаландыру және жылқыларын таңбаландырып құжаттары тіркелуі бойынша тексеру, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, егістік алқаптарда қараусыз жүрген және арқандаулы тұрған үй жануарлардың иелерін анықтап олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күшейтілген түрде профилактикалық іс-шаралар атқаруда.

Сол себепті, Мақтаарал ауданының тұрғындарына өздерінің үй жануарларын көшеге қараусыз жібермеулері сұралады.

Егерде үй жануарларыңыз қараусыз көшеде немесе егістік алқапта жүрген жағдайда, оның иесіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408 бабымен әкімшілік айыппұл салынып, шара көрілетінін ескертеміз.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ