Понедельник, 7 апреля, 2025
17.4 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтааралда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық бойынша жиын өтті

Мақтааралда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық бойынша жиын өтті

Мемлекет басшысының өкімімен және Үкіметтің шешімімен 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтетін болады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және обьективті бейнесі қалыптасып, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы, басқа да санаттардың рөлі туралы толық деректер алынатын болады.

Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың төрағалығымен аталған мәселе бойынша арнайы жиын өтіп, ауданның санақ жұмыстарына дайындығы пысықталды.

Аудандық статистика басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы саласында жүрген мамандар қатысты.

«Науқанның маңыздылығын ескере отырып, аудан әкімінің өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарын сапалы, дер кезінде әрі толыққанды орындауларыңызды сұраймын. Ауданымыздың негізгі күн көрісі дәл осы сала болғандықтан, бізге нақты әрі сапалы деректер ауадай қажет. Сондықтан, осы науқанды белсенді ұйымдастыруға бәріңізді шақырамын!» — деді, Нұрбол Жақсылықұлы.

Айта кетейік, науқанның І этапы бойынша арнайы веб-порталда онлайн өзін-өзі толтыру әдісімен өтетіндіктен, кенттер мен ауылдық округтерде тіркелген заңды тұлға, шаруа және фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді ұйымдастыру бойынша кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ