Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Мақтааралда пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Мақтаарал ауданында аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған және түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға аудандық прокуратураның прокуроры Серік Усеев, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев, аудандық пробация бөлімінің басшысы Нартай Сабаев және аудандық мансап орталығының мамандары қатысты.

Жәрмеңке барысында аудандағы бос жұмыс орындары туралы хабарламалар айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттен әлеуметтік көмектер алудың жолдары, оның ішінде өз кәсібін бастаймын деген азаматтар үшін берілетін мемлекеттік гранттар жөнінде кеңінен мәліметтер берілді.

Іс-шараның нәтижесінде пробация есебінде тұрған және түзеу мекемесінен босап шыққан 5 азамат облыс әкімдігінің «2024 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы негізінде тұрақты жұмысқа орналасса, тағы бір азамат шаруа қожалыққа уақытша жұмысқа орналасты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ