Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда пробация бойынша 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды

Мақтааралда пробация бойынша 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды

Мақтаарал ауданында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың төрағалығымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен қайта қылмыстың алдын алу және есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде жиын өтті.

Жиын барысында пробация есебінде тұрған азаматтарға белгіленген квота жұмыстары және 2024 жылы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің мәселелері жөнінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры Б.Сарыбаев жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және өзге де көмектерді ұйымдастыру бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Мұхтар Әжіқабылов сөз сөйледі.

«Ағымдағы жылдың маусым айына дейін бас бостандығынан айыру мекемелерінен және пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған 12 жұмыссыз адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілген, оның ішінде 6 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғмадық жұмысқа, 5 адам бекітілген квоталық жұмыс орындарына жолданған» — деді, М.Әжіқабылов.

Филиал директоры бекітілген жоспарды орындау мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындары және жұмыспен қамту шараларының басқада түрлерімен таныстыру бойынша арнайы жәрмеңке өткізілгенін де атап өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ