Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралда мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда

Мақтааралда мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Мақтаарал ауданында мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Әсіресе, «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шолпан» балабақшасы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы мен Мырзакент кенті әкімі аппараты, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.

Іс-шара барысында мекеме ғимараттары ақталып, шарбақтарға бояу жағылды. Сондай-ақ, қуараған шөптер шабылып, ағаштар ақталып, гүлдер егілді. Сонымен қатар, күл-қоқыстар шығарылды.

Айта кетейік, «Мақтаарал қызмет» МКК тарапынан Мырзакент кентінің С.Қожанов, С.Жаштаев көшелерінде және «Жастар» гүлзарында гүлдер егілетін аумақтардың топырағы қопсытылып, С.Қожанов көшесінің бойындағы шарбақтарға бояу жағылуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ