Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда 4 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматқа қолдау көрсетілуде

Мақтааралда 4 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматқа қолдау көрсетілуде

62

Күні кеше Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аумақтық мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Мәжілісте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н. Елшібаев мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау, оларды қолдау шаралары және жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Ауданда 4 345 адамның (3,41%) мүгедектік мәртебесі бар. Оларға мемлекет кепілдендірген әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде көрсетіліп келеді. Оңалту шаралары аясында арнайы құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, үйде және жартылай стационар жағдайында қызмет ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инфрақұрылым нысандарын бейімдеу және инватакси қызметін дамыту арқылы қолжетімді орта қалыптастыруға басымдық берілген.

2026 жылға белгіленген жоспарға сәйкес 20 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту көзделсе, бүгінгі таңда 6 адам жұмысқа жолданған. Психологиялық және құқықтық көмек те тұрақты көрсетілуде. Жалпы, оңалту шараларының орындалу деңгейі жоспардан асып, 53,7%-ды құрады.

Әлеуметтік қызметтер 52 балаға арнайы орталықтарда көрсетілсе, 523 адам үй жағдайында қызмет алуда. Жыл басынан әлеуметтік көмек ретінде түрлі санаттағы азаматтарға 70 млн теңгеден астам қаржы төленген.

Ауданда кедейлік деңгейі 2,1%-ды құрап, жоспарлы көрсеткіштен төмен қалыптасты. Жұмыспен қамту бағытында биыл 4 446 жұмыс орнын құру жоспарланып, оның 1 559-ы (35%) орындалған. Сонымен қатар, ұлттық жобалар мен инвестициялық бастамалар аясында 22 жоба іске асырылып, 107 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Дегенмен, отбасының цифрлық картасындағы әлеуметтік әлсіз санаттағы отбасылар санын азайту бағытында кері динамика байқалады. Осыған байланысты аудан әкімі тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.

Жиын барысында жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.Мырзамданов та сөзге шығып, мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстары туралы баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды міндеттеді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.