Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтаарал ауданының әкімі 20-ға жуық тұрғынды жеке қабылдады

Мақтаарал ауданының әкімі 20-ға жуық тұрғынды жеке қабылдады

86

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тұрғындармен кері байланысты нығайту және азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында кезекті жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға алдын ала жазылған 20-ға жуық аудан тұрғыны қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді аудан басшысына тікелей жеткізді.

Тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру және балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді рәсімдеу мен мердігерлік міндеттемелерге қатысты өтініштер де қаралды.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді. Шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты хаттамалық тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

Бақыт Асанов тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Әрбір тұрғынның өтініші жіті қаралады. Азаматтардың көтерген мәселелері заң аясында зерделеніп, тиісті шешім қабылдануы тиіс. Біз үшін халықпен ашық диалог орнату және олардың мәселелерін кезең-кезеңімен шешу – басты міндеттердің бірі» – деді, аудан әкімі.

Айта кету керек, Мақтаарал ауданында азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұндай кездесулер тұрғындарды толғандырған мәселелерді тікелей талқылауға, мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға және халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.