Мақтаарал ауданында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды заң аясында тиімді шешу мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың кезекті жеке қабылдауы өтті.
Ашық диалог форматында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық, кәсіпкерлік және құқықтық мәселелерді тікелей аудан басшысына жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл жолғы қабылдауға алдын ала жазылған 7 азамат қатысып, әрқайсысы өзінің жеке мәселесін ортаға салды. Қабылдауға аудан әкімімен бірге жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, көтерілген мәселелердің әрбірі жан-жақты талқыланды.
Қабылдау барысында тұрғын үймен қаматамасыз ету, жүк көліктеріне қолайлы жағдай жасау, К20-17А каналын тазалау, грант қаражатын рәсімдеу мәселесі, ауыз су құбырын тарту, мүліктік дау, жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында тұрғындар арасындағы мүліктік даулар мен өзге де құқықтық сипаттағы мәселе көтерген тұрғындарға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажет болған жағдайда азаматтарға құзырлы органдарға жүгіну тәртібі мен құқықтық рәсімдер бойынша кеңестер берілді. Ал, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша тиісті басшыларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
«Тұрғындардың мұң-мұқтажын өз аузынан тыңдау – мемлекеттік қызметтің басты қағидаларының бірі. Әрбір көтерілген мәселе заң аясында мұқият қаралып, нақты шешім қабылдау үшін жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді. Халықпен тұрақты кері байланыс – ашықтықтың, сенімнің және тиімді жұмыстың негізі», – деді, Бақыт Насырханұлы.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелердің орындалуы барысы аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, халықтың талап-тілегіне жедел ден қою, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.










