Бейсенбі, Қараша 21, 2024
11.4 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтаарал ауданында өткен сенбілікке 3 мыңнан аса адам қатысты

Мақтаарал ауданында өткен сенбілікке 3 мыңнан аса адам қатысты

Республикалық «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтіп, тазалық іс-шарасына 3 мыңнан аса адам қатысты.

Ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан Атакент кентіне дейінгі, Атакент кентінен Мырзакент кентіне дейінгі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойы және Мырзакенттен Жетісайға дейінгі облыстық маңызы бар Кх-100 автожолының бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп, арам шөптер шабылды.

Акцияға аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғам белсенділері, жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылды. Аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билбордтар және жарықшам бағаналарына бояу жағылды. Дарақтарды ақтау жұмыстары да қоса жүргізілді.

Жалпы сенбілікке 15 техника, 3 мыңнан аса адам қатысып, 40 тонна күл-қоқыс шығарылды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ