Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда 38 тонна күл-қоқыс шығарылды

Мақтааралда 38 тонна күл-қоқыс шығарылды

Республикалық «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтіп, тазалық іс-шарасына мыңға жуық адам қатысты.

Іс-шараға аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектептер, балабақшалардың қызметкерлерлері, қоғам белсенділері, жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан Атакент кентіне дейінгі, Атакент кентінен Мырзакент кентіне дейінгі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойы және Мырзакенттен Жетісайға дейінгі облыстық маңызы бар Кх-100 автожолының бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп, арам шөптер шабылды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың ішкі және іргелес аумақтары да тазартылды.

Сенбілікте елді мекендердің ішкі көшелері және аяқжолдардың бойы, стадиондар мен спорт алаңшалардың аумағы да жабайы шөптерден тазартылды. Аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билбордтар және жарықшам бағаналарына бояу жағылды. Көпірлер мен арық-атыздардың, каналдардың арналары ретке келтірілді.

Айта кетейік, жалпы сенбілікке 11 техника қатысып, 38 тонна күл-қоқыс шығарылды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ