Skip to content
Басты бет / СЭС / Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кенелер арқылы жұғатын аса қауіпті вирустық инфекция

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кенелер арқылы жұғатын аса қауіпті вирустық инфекция

46

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кенелер арқылы жұғатын аса қауіпті вирустық инфекция. Оның алдын алудың ең сенімді жолы — кене шағуынан сақтану, мал ұстау ережелерін қатаң сақтау және жеке гигиенаны ұстану.

1. Табиғатта жүргендегі сақтық шаралары

Киім үлгісі: Далаға немесе табиғат аясына шыққанда денеге кене кірмейтіндей жабық киім киіңіз. Шалбардың балағын міндетті түрде етікке немесе шұлыққа тығыңыз.

Бас киім: Басыңызды орамалмен немесе бас киіммен қорғаңыз.

Қорғаныш құралдары: Кенелерді үркітетін арнайы репелленттер мен кремдерді қолданыңыз.

Шөпке отырмаңыз: Ашық, биік шөпті жерлерге отыруға немесе жатуға болмайды.

2. Мал шаруашылығындағы қауіпсіздік

Қолғап кию: Мал қырқу, мал төлдету, бағу және жүн жинау кезінде міндетті түрде арнайы резеңке немесе мата қолғаптар пайдаланыңыз.

Кенені жұлуға болмайды: Мал үстіндегі кенені жалаң қолмен теруге және оны жаншуға қатаң тиым салынады (вирус терідегі жарақаттар арқылы оңай сіңеді).

Қора-жайларды өңдеу: Мал ұстайтын орындар мен қора-жайларды арнайы химиялық ерітінділермен дезинфекциялау (дезинсекция) жұмыстарын жүргізу қажет.

Дәрігерге көріну: Жабысқан кенені өздігінен жұлып алуға болмайды! Кенені алдыру үшін міндетті түрде жақын маңдағы емхананың пунктіне жүгініңіз.

Денені тексеру: Табиғаттан немесе мал жайылымынан келгеннен кейін әрбір 10-15 минут сайын өзіңізді және қасыңыздағы адамдарды кенеге қарсы тексеріңіз.

Өздігінен емделмеу: Ауру белгілері (дене қызуының 40 градусқа дейін күрт көтерілуі, бұлшықет ауыруы) байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.