Сейсенбі, Қазан 15, 2024
8.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметҚазыналы қарияларға аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды

Қазыналы қарияларға аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Мырзакент кентіндегі «Аяулым» мейрамханасында қазыналы қарияларға арналған аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды.

Іс-шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ-бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері, ауыл билері және аз қамтамасыз етілген, жалғызілікті қарттар қатысты.

Аудан әкімі сөзге шығып, ауданымызда ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсенді атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдіріп, атаулы мерекемен баршаны құттықтады.

Мерекелік кеште «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін көрсетіп, қазыналы қарттардың көңілдерін көтеруге атсалысты. Сондай-ақ, белсенді еңбегімен көзге түскен бірнеше ардагерлер марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 224-ы тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 250-ге жуық жалғызілікті қарияларымыз ғұмыр кешуде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ