Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Жаңажол ауылдық округі, Фирдоуси ауылын мекен ететін тәжік этносы өкілдерінің, оның ішінде ауыл биі Файзиев Тилло ағамыздың қара шаңырағында арнайы дастархан жайылды. Игі іс шараға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы М.Бабашев, Қоғамдық келісім орталығы мамандары, Жаңажол ауылдық округі әкімі М.Тұранов, ауыл ақсақалдары С.Жолдасов, Қ.Жақсылықов, Б.Қарақұлов бастаған ел ағалары қатысты.
Ауыл биі Файзиев Тилло: осы қазақ жерінде туылып, өсіп-өніп, еңбекке араласып, бір отбасының балаларындай құрмет пен ізетте жүрдім. Осындай дархан қазақ халқына мың алғысымды білдіремін» – деді.
Сөзге қосылған ауыл ақсақалы Сүндет Жолдасов: қазақ өзі қиын қыстау кезінде елімізге келген өзге ұлт ты құшақпен қарсы алды. Осыдан еліміз берекелі, мерекелі болып отыр деп тәжік этнос өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы М.Бабашев: Осы игі іс шара елімізге, әсіресе жастарымызға үлгі болуы керек. Жастар арасында, ұлттар арасында болатын кикілжің, жанжал болса ел ағалары, билері араласу керек. Осы басты ұстанып деді.
Жаңажол ауылдық округі әкімі Марат Есенұлы: Құрметті қонақтар, ауылдық округімізде жалғыз этнос ауыл саналатын Фирдоуси ауылы ауыз біршілігі берік жер. Осының арқасы осы ауылдың ынтымағы, ауыл ағаларының арқасы деуге келеді» деп қорытындылады.