Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАлғыс айту күніне арналған салтанатты кеш өтті

Алғыс айту күніне арналған салтанатты кеш өтті

1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ, бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.

Бүгін Мақтаарал ауданында алғыс айту күніне арналған салтанатты кеш өтті. «Мақтаарал» мәдениет үйінде өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.

«Ең алдымен, алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық» – деді Алтын Күнтуқызы.

Салтанатты жиында ауданымызда ұлттардың ынтымағын арттыруға қызмет етіп жүрген брінеше азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында айтулы мерекеге орай кенттер мен елдімекендерде ұлттар достығын нығайтатын түрлі іс-шаралар өткізілуде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ