Аскаридоз – адам ағзасында Ascaris lumbricoides атты дөңгелек құрттың паразиттік тіршілігінен туындайтын гельминтоздық ауру. Бұл – әлем бойынша ең көп таралған ішек құрттарының бірі. Әсіресе балалар арасында жиі кездеседі.
Қоздырғышы
Аскаридоздың қоздырғышы – адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides). Оның ұзындығы 20–40 см-ге дейін жетуі мүмкін.
Жұғу жолдары
• Жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек арқылы;
• Лас қолдан;
• Ластанған топырақтан.
Клиникалық белгілері
• Іштің ауруы, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі;
• Әлсіздік, бас айналу;
• Жөтел, ентігу (дернәсілдік кезеңде);
• Аллергиялық бөртпелер.
Алдын алу шаралары
• Жеміс-жидекті, көкөністі мұқият жуу;
• Қолды сабынмен жуу;
• Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;
• Балаларды жеке бас тазалығына үйрету.
Аскаридоз – кең таралған гельминттік ауру. Ол адам ағзасына үлкен зиян келтіреді, әсіресе балалар үшін қауіпті. Аурудың алдын алу жолы – жеке бас тазалығын сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов



