Среда, 12 марта, 2025
18 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРБотулизм ауруының алдын алу

Ботулизм ауруының алдын алу

Ботулизм тамақтан уланудың ең ауыр түріне жатады, жүйке жүйесінің басым зақымдануымен сипатталады. Оның қоздырғышы тек оттегсіз ортада токсин бөледі. Ботулизм токсині үйдегі консервілер, тұздалған балық, шұжық, кептірілген ет, саңырауқұлақтар секілді тағамдардың дайындалу технологиясы бұзылғаннан кейін дайындаған кезде жиналады. Тұздалған және кептірілген балық та айтарлықтай қауіп төндіреді.

Аурудың дамуы өте жылдам жүреді, алғашқы 2-24 сағатта, сирек жағдайда 6-14 күнде пайда болуы мүмкін: қатты әлсіздік, бас айналуы, көздің бұлдырауы, ауыздың құрғауы, жұтынудың және сөйлеудің қиындауы пайда болуы мүмкін. Құсу, диарея, іш қату және ісіну болуы мүмкін. Содан кейін мойын мен қолдарда әлсіздік пайда болады, содан кейін тыныс алу бұлшықеттері мен дененің төменгі бөлігінің бұлшықеттері зақымдалады. Ботулизмнің ерекшелігі – көру қабілетінің бұзылуы – көзге қосарланып көріне бастайды, қылилық пайда болады.

Ботулизмнің алғашқы белгілері байқалған кезде міндетті түрде дәрігерге көріну қажет, үй жағдайында емделу мүмкін емес, себебі ауруды емдеу үшін антиботулиндік сарысу қолданылады.

Алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:

— үйде дайындалған консервілерді «қолдан», рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;

— мерекеге әкелінген немесе жақсы таныстарыңыз сыйға тартқан үйде дайындалған консервілерді тұтынбаңыз.

— шикізатты мұқият дайындаңыз, ағынды сумен шайыңыз, бүлінген көкөністер мен жемістерді консервілеуге жол бермеңіз;

— банкаларды, қақпақтарды өңдеу қағидаларын, зарарсыздандырудың температуралық режимін сақтаңыз;

-қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан консервіленген банка өнімдерін тұтынбаңыз;

Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде білікті медициналық қызмет көмегіне жүгініңіз. Консервіленген өнімді пайдаланғаныңыз туралы дәрігерді хабардар етуіңіз қажет.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Б.Елемесов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ