Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметBASTAU TALKS: ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

BASTAU TALKS: ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

📍Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” қоғамдық лекция аясында “Dauletten” қорының басшысы Жасұлан Бостандықұлы, талантты ақын, филолог Айдар Сейдәзім мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары волонтерларының жетекшісі, “Қазақстан жастары конгресінің” атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев Сауран ауданының жастармен кездесті.

🔹Жасұлан Бостандықұлы “Dauletten” қоры арқылы жастарды әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бастамаларға қатыстыру, білім беру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мүмкіндіктері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

🔹 Айдар Сейдәзім өзінің ақындық және филолог ретіндегі тәжірибесін жастармен бөлісіп, шығармашылық ізденістің мәні, қазақ әдебиетіне үлес қосу және жастардың тілдік мәдениетке қызығушылығын арттыру туралы сөз қозғады.

🔹 Бақдәулет Жанділдаев волонтерлік қызметтің маңызы, көшбасшылық қабілеттерді дамыту жолдары және халықаралық деңгейде волонтер болудың мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, жастарды қоғамдық белсенділікке шақыруы ықтимал. Сонымен қатар, “Қазақстан жастары конгресінің” жұмысы, жастардың мемлекет деңгейіндегі рөлі туралы пікір алмасты.

📋Кездесу мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

🔹Кездесу барысында спикерлер бірқатар келесі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.

🔹“BASTAU Talks” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі етк отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі олар қоғамның болашағын қалыптастыратын жаңа буын.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ