Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметBASTAU TALKS: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ - ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ

BASTAU TALKS: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ

📍Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” қоғамдық лекциясы аясында Астана қаласы, ҚМДБ-ның “Ырыскелді қажы” мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің директоры Медет Мұзапбарұлы Түркістан қаласының жастарымен кездесті.

📋Кездесу мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

📑Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы модераторлық етті.

🔹Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.

🔹“BASTAU Talks” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі етк отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі олар қоғамның болашағын қалыптастыратын жаңа буын.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ