Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметBASTAU TALKS: ЖАСТАР - ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

BASTAU TALKS: ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы аясында айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков пен Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, айтыскер ақын Тұрар Тілеулиев Кентау қаласының жастарымен кездесті.

📋Кездесу мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру, білім мен тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бекарыс Шойбеков, елімізге танымал тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде, жастарға бірнеше маңызды ұстанымдар мен кеңестер берді. Ол қазіргі қоғамда өзгерістер мен даму, өз-өзіңді табу және жауапкершілікке шақыру мәселелеріне назар аударды. “Әрбір жас өзінің іс-әрекетіне жауапты болуы тиіс. Бұл тек жеке өмірде ғана емес, қоғамда да үлкен әсер қалдыруы мүмкін” – деп сөзін аяқтады ақын.

Тұрар Тілеулиев, қазақ қоғамында танымал тұлға әрі жастарға арналған көптеген мотивациялық сөздерімен белгілі, жастарға өз болашақтарын құруда нақты бағыт-бағдар берді. Оның сөздері мен кеңестері жастардың даму мен жетістікке жету жолында берер пайдасы мол болмақ. Сонымен қатар Бекмұрат Анарбаевтің “Ағайынның арасы” атты — жастарға арналған тәрбие мен өнеге беретін, өмірдің маңызы мен қиындықтарын түсіндіретін термесін Тұрар ақын жастарға ағайын арасындағы сыйластық, ынтымақ пен бірлік, үлкендерге құрмет көрсету, қиыншылықтарды бірге жеңу сияқты құндылықтарды дәріптеу мақсатында орындап берді.

🔹“BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба әр түрлі салада жетістікке жеткен кәсіби мамандарды, талантты жастарды және белсенді қоғам қайраткерлерін жинап, жастардың білім мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Олардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ