14-наурыз күні “Мақтаарал” мәдениет үйінде аудандық “Алтын аймақ аруы – 2024” қыздар байқауы өтті.
Байқау мақсаты:
Ұлттық менталитетімізге лайықты сұлу болмысын, қыздарымыздың бүгінгі рухани келбетін дәріптеу, ұлт дәстүрі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын бойына жинақтаған ақылына көркі сай парасатты қыздарымызды халыққа таныту, қоғамдағы қазақ аруларының белсенділігін арттырып, шығармашылықтарын кеңінен насихаттау.
Байқауға 7 үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешуімен:
орын – Оралбек Арайлым (Бірлік а/о)
орын – Жаңабай Гүлназ (А.Қалыбеков а/о)
орын – Құрбан Ақерке (Кеңесшіл а/о)
және Жасұзақ Сымбат (Бірлік а/о)
“Өнерлі ару” номинациясы: Рим Ақжайық (Жаңа жол а/о)
“Инабатты ару” номинациясы: Нарбай Азиза (Достық а/о)
“Бұрымды ару” номинациясы: Хасанова Фатима (Иіржар а/о)
Байқауға қатысушы қыздарымыз диплом және бағалы сыйлықтар мен марапатталды.














(с) “Мақтаарал” мәдениет үйі МКҚК