Сенбі, Қараша 23, 2024
14.2 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАудан әкімінің дәстүрлі шыршасы өтті

Аудан әкімінің дәстүрлі шыршасы өтті

Бүгін Мақтаарал ауданының білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында аудан әкімінің 2024 жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шарасы «Алтын шаңырақ» салтанат сарайында болып өтті.

Аудан әкімінің дәстүрлі шыршасы балалардың қуаныштарын еселей отырып, оларға ерекше көңіл-күй, шаттық сыйлады. Іс-шараға көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан оқушылар қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков мерекені ашып берді. Бейсенбай Тасболатұлы кіріп келе жатқан жаңа жылға арналған игі тілектерін білдіре отырып, мерекеге жиналған балаларды арнайы құттықтады.

«Жыл сайын жаңа жылды асыға күтетіндеріңізді мен жақсы білемін. Бүкіл әлемді жырға бөлеп, қуаныш, шаттығымен келетін ғажайып мерекемен баршаларыңды құттықтаймын! Бүгін сендер аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысуға келдіңіздер. Баршаңа мерекелік көтеріңкі көңіл-күй, шаттыққа толы қуаныш тілеймін. Сендер Тәуелсіз Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан, мектепте жақсы оқып, тәлімді, өнегелі тәрбие алу – сендердің басты міндеттерің. Келешекте кім білімді болса сол ұтады. Осы төменгі сыныптан бастап білімге негіз қалануы керек» – деді, Бейсенбай Тасболатұлы.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен шыршада бөлім басшысы Мұратбек Серікбаев, аудандық кәсіподақ төрағасы Алданияз Жолдасов, «Техас балы» ЖШС-нің директоры Б.Дүйсенбиев өз тілектерін білдіре отырып, оқушыларды жаңа жылдық сыйлықтарымен қуантты.

Айта кетейік, ауданымыздағы халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары болып жүрген өнерлі оқушылар өз өнерлерімен мерекенің сәнін келтірсе, аяз ата мен ақшақар балаларды шаттыққа бөледі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ