Бейсенбі, Қараша 21, 2024
11.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАудан әкімі дауыс берді

Аудан әкімі дауыс берді

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентінде орналасқан №890 референдум учаскесіне барып өз таңдауын жасады.

Аудан басшысы АЭС салу мәселесі еліміз үшін маңызды екенін, бұл мәселені барлық ел азаматтарының дауыс беру арқылы шешуі – үлкен тарихи сәт екенін жеткізді. Сондықтан, ауданның әрбір азаматын дұрыс таңдау жасауға, жалпы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Айта кетейік, аудан бойынша 62 референдум учаскесі, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Оларда жалпы 401 сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс атқаруда.

62 референдум учаскесінің 3-уі жабық. Жабық сайлау учаскелерінің 2-еуі Атакент, Мырзакент аудандық ауруханаларында, 1-еуі №2037 әскери бөлімінде орналасқан.

Ауданда 70 мыңға жуық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ