Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

28 маусым — елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекелеріне байланысты аудан басшысы арнайы дастархан жайып, ашық кездесу өткізді.

Кездесу жиынына ауданның ардагер журналистері, белсенді блогерлер, газет пен телеарнаның тілшілер қосыны қатысты.

Аудан әкімі қаламгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құттықтау хаттары мен сый-сияпаттарын табыстады.

«Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Өңір тынысымен халықты дер кезінде құлағдар ету бағытындағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Мерекелік кеш барысында «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, кештің көркін келтірді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ